Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды

Жүзден аса науқастың жағдайы ауыр, 18 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Коронавирус инфекциясынан 240 бала ем алып жатыр.

Көрнекі сурет ашық көздерден.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, бес адам коронавирустан қайтыс болды, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Ал өткен тәулікте 26 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 3 042 адам ем қабылдап жатыр, арасында 246 бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастар арасында 119 адамның жағдайы ауыр, 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясынан 1 825 адам көз жұмды. Бірінші тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониядан 394 адам қайтыс болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-09
Утром-11.94 ℃
Днем-7.81 ℃
Вечером-7.8 ℃
Ночью-9.44 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.65 м/с
2025-02-10
Утром-10.23 ℃
Днем-4.71 ℃
Вечером-7 ℃
Ночью-9.73 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1038
Скорость ветра4.48 м/с