Оралдықтарға заңсыз ағаш кескені үшін 280 мың теңге төлеуге тура келеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 381-бабында ағаштар мен бұталарды зақымдағаны үшін де осындай айыппұл қарастырылған.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында хабарлайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 381-бабында ағаштар мен бұталарды зақымдағаны үшін де осындай айыппұл қарастырылған. Егер қылмыскер мемлекетке 100 АЕК-тен астам зиян келтіріп, көптеген орман екпелерін жойса, оны қылмыстық бап бойынша жаза күтеді.
Тұрғын үйді отынмен жылытуды қажет ететіндер рұқсат құжаттарын алу үшін орман шаруашылығына жүгінуі керек.
«100 АЕК-тен астам залал келтіре отырып, ағаштарды, бұталарды заңсыз кескен, жойған немесе бүлдірген үшін ҚР ҚК 340-бабы қарастырылған. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 160 АЕК дейін айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 30 тәуліктен 5 жылға дейін қамауға алуға жазаланады», – дейді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлімінің маманы Нұрлан Әбдірахманов