Сіз қолданатын банкте техникалық іркіліс болса, не істеу керек

Өзіңізге қызмет көрсетілетін банктегі техникалық іркілістерге байланысты қарапайым банк операцияларын жүргізе алмасаңыз, ең бастысы жағдайды объективті түрде бағалап алыңыз. Осыған орай Fingramota халықтың қаржы сауатын арттыру жобасы бірқатар кеңес береді.

Техникалық іркілістер – жеке компания болсын, мемлекеттік органдар болсын немесе екінші деңгейдегі банк болсын әр ұйымда болатын жағдай.

Мұндайда сабырлық сақтап, бірнеше қарапайым қағидаттарды басшылыққа алғаныңыз жөн.

Сіздің «қаржылық қауіпсіздік жастықшаңыз» болуы тиіс

Өмірде шұғыл ақша қажет болып қалатын түрлі көзделмеген жағдайлар болып тұрады. Егер шұғыл түрде ақша алу керек болған кезде өзіңізге қызмет көрсететін банктегі техникалық іркіліс сізді ренжітуі мүмкін. Сондықтан да банктің жұмысындағы іркілістердің салдарынан болатын қаржылық қиындықтардан өзіңізді ішінара сақтау үшін «қаржылық қауіпсіздік жастықшасының» болуына көңіл аударған маңызды. Түрлі банктің кемінде 2 банк картасының болғаны дұрыс, олардың әрқайсысына қаражаттың қорын сақтап қоюға болады. Осылайша, сіз қаржы ұйымдарының бірінде туындаған техникалық қиындықтарды сабырлықпен өткізе аласыз. Сонымен қатар, түскі ас ішу, жолақысын төлеу және аздаған азық-түлік сатып алу үшін ақша шұғыл қажет болып қалатын жағдай үшін қолма-қол ақша түріндегі біраз соманың болғаны дұрыс. Әдетте, банктегі техникалық іркіліске байланысты жағдай біраз сағат, көп болғанда бір күн ішінде шешіледі. Сондықтан «қаржы жастықшасының» болуы сізді көптеген проблемалардан құтқарады.

Ресми ақпаратқа ғана сеніңіз

Әрбір қаржы ұйымында барлық жаңалық пен түсіндірмелер жарияланатын сайты, әлеуметтік желілерде ресми беттері бар. Сонымен қатар, әдетте көзделмеген жағдайлар туындаған кезде банктің баспасөз қызметі немесе басшылығы республикалық БАҚ-та ресми мәлімдеме жасайды. Осы ақпаратқа сенуге болады. Ал мессенджерлердегі таратылымдарға немесе жеке тұлғалардың банкке қатысы жоқ мәлімдемелеріне ден қоюдың қажеті жоқ. Осындай ақпараттың жалғаны екенінің ықтималдығы көп.

Қырағы болыңыз, алаяқтардан сақтаныңыз

Туындаған техникалық қиындықтарды қаржы алаяқтары пайдалануы мүмкін, олар сізге банктің атынан қоңырау шалуы немесе жазуы және өзіңіздің жеке деректеріңізді карточканың нөмірлерін және үш мәнді сәйкестендіру кодтарын айтуды сұрауы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын оларға ешқандай ақпарат бермеңіз және өз жақындарыңызға, әсіресе егде жастағыларға ескертіңіз. Банк ешқашан жеке деректерді талап етпейді және бірінші болып сөйлесуге бастама жасамайды. Сізге қоңырау шалған нөмірді жазып алып, оны өз банкіңіздің қауіпсіздік қызметіне хабарлаңыз. Сондай-ақ алаяқтардан жалған ақпараттар әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы таратылуы мүмкін. Бөгде адамдардан келіп түсетін заңсыз нұсқауларды қандай жағдайда болмасын орындамаңыз. Банк барлық кедергілерді дербес жояды және оған осыған қатысты клиенттердің көмегі қажет емес!

Кедергілер жойылғаннан кейін барлық шоттарыңыз бен деректеріңізді тексеріңіз

Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін өзіңіздің шоттарыңыздың жағдайын және аталған жеке деректерді міндетті түрде тексеріңіз. Егер проблема немесе қате анықтасаңыз, банкке call-орталық немесе мобильдік қосымша арқылы жүгініңіз. Сізге міндетті түрде көмек көрсетеді және қайта туындаған мәселелерді жояды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с