Үйсіз қалған отбасы көмек сұрайды
БҚО-ның Подстепное ауылында жер үй өртеніп, бір отбасы далада қалды. Өрттің шығу себебі – тоқ сымдарының тұйықталуынан орын алған. Үйсіз қалған отбасы елден көмек сұрайды.
![](https://www.uralskweek.kz/wp-content/uploads/2020/10/sgorel-dom-750x478.jpg)
Өрт 27 қазан күні Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылдық округінде күндізгі 11.00-де шыққан. Үй отқа оранғанда Бауыржан Жұмағалиев пен зайыбы Жанар Абдрахманова ауылда болмаған. Олар жалдамалы жұмыс істеуге Ақсай қаласына кеткен. Үйінің өртеніп жатқанын көршілерінен естіген олар ауылға жеткенше асыққан. Алайда олар келгенше үй түгелімен жанып кеткен.
– Біз ауылға 14:00-де келдік. Біз келгенде өрт сөндіру қызметкерлері қызыл жалынды сөндірген. Үйімізден дым қалмады. Алда қыс келе жатыр. Енді мүмкіндігінше тездетіп үйдің кірпішін қалап, шатырын жауып алсақ жақсы болар еді, – дейді үйсіз қалған Бауыржан.
Подстепное ауылы әкімінің орынбасары Сағадат Жолдығалиев күздің қара суығында далада қалған отбасына көмектесу үшін демеушілер іздеп жатқанын айтады.
– Қазір өрттен кейін пайда болған қоқыстарды тазартуға арнайы техника тауып бердік. Ауыл болып көмектесіп жатырмыз. Ауылдың жеке кәсіпкерлері көмектеседі деген ниеттеміз, – деді «Орал апталығына» Сағдат Жолдығалиев.
Қиын жағдайға тап болған отбасына қол ұшын созам деушілер болса төменде көрсетілген нөмірге хабарласып, немесе ақша аударсаңыздар болады.
Бауыржан – 8 705 416 28 31
Kaspi Gold – 4400 4301 9080 2618