Облыстық денсаулық сақтау басшысының ұсталуы туралы толық ақпарат: ол 8 млн. теңгеге жуық пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының пара алуының егжей-тегжейін ашты. Антикордың ақпараты бойынша, Болатбек Каюпов серіктесімен бірге орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны және медициналық мониторларды Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша ТМҚ қабылдағаны үшін 7,8 млн.теңге алды. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов. «ОА» мұрағатынан алынған сурет

«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның көмекшісіне қатысты тергеуді бастады, олар 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан жалпы сомасы 78 000 000 теңгеге медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге Мемлекеттік сатып алу туралы ЖШС-мен бұрын жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен ТМҚ қабылдау актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара түрінде 7 800 000 теңге

ММ басшысы және оның көмектесушісі ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қ.ПБ УҰИ-не қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.»- деді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Естеріңізге сала кетейік, Болатбек Каюповтың ұсталғаны туралы ақпарат кеше, 29 қазанда пайда болды. Оның кеңсесіндегі есік мөрленіп, қызметкерлер бастықтың ұсталғаны туралы тек БАҚ-тағы жарияланымдардан білді.

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-13
Утром10.4 ℃
Днем16.95 ℃
Вечером19.04 ℃
Ночью17.23 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.12 м/с
2026-09-14
Утром14.55 ℃
Днем19.18 ℃
Вечером20.33 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра3.25 м/с