Жұмыстан кімді қысқартуға болмайды? Біле жүріңіз

18 жасқа дейінгі ерекше баласы бар жалғызбасты ананы (баланы жалғыз тәрбиелейтін әкесін, апасын, әпкесін, заңды өкілін) жұмыстан қысқартуға, шығаруға болмайды. Ол үшін жеңілдік иелері тиісті құжаттарды (мүгедектігі туралы анықтамамен бірге) ұсыну қажет.

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды.

ҚР Еңбек кодексінің 54-бап, 2-тармағына сәйкес, ерекше бала тәрбиелеуші жалғызбасты ананы келесі себептермен жұмыстан шығаруға болмайды:

жұмысшылар санын немесе штатты қысқарту;

өндіріс көлемі, орындалатын жұмыс және көрсетілетін қызмет көлемінің төмендеуі салдарынан жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауы.

Тағы кімдерді жұмыстан шығару болмайды?

№1. Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес:

Еңбекке уақытша жарамсыз және еңбек демалысында жүрген қызметкермен келісім-шартты үзуге болмайды (Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы, 1, 18, 20 және 23 тармақшаларында көрсетілген жағдайдан басқа).

№2. Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес:

12 апталық жүктілігі туралы анықтамасы бар әйелдерді, 3 жасқа дейінгі баласы бар аналар мен 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелейтін жалғызбасты аналарды (әкесін, апасын, әпкесін) штат саны және өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты жұмыстан қысқартуға болмайды.

№3. Еңбек кодексінің 53-бабына сәйкес:

Зейнет жасына 2 жылдан аз қалған қызметкерді жұмыстан қысқартуға болмайды (Егер жұмыс беруші мен жұмысшы тараптың тең өкілдерінен құралған комиссияның тиісті шешімі болмаған жағдайда).

Ескеретін жайт:

Жоғарыда көрсетілген тұлғаларды жұмыстан шығаруға тура келетін себептер бар. Олар:

жұмыс орны жабылса;

жұмысқа себепсіз келмесе, коммерциялық немесе қызметтік құпияны бұзса, жұмыс орнында ұрлық жасаса;

жұмысқа орналасуда жалған құжаттар ұсынса.

Informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-14
Утром-8.04 ℃
Днем-9.71 ℃
Вечером-9.01 ℃
Ночью-10.23 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра8.63 м/с
2026-01-15
Утром-12.76 ℃
Днем-12.64 ℃
Вечером-14.03 ℃
Ночью-15.24 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.64 м/с