Коронавирусқа қатысты соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 465 адам тіркелді.

«ОА» мұрағатынан.

🇬🇧 Англияда (2 желтоқсанға дейін) екінші рет локдаун жарияланды. Локдаун енгізудің басты себебі ауруханаға түскендерге дәрігерлер ем көрсетіп үлгермей жатыр.

⠀ 🇩🇪 Германияда коронавируспен күрес мақсатында дүйсенбіден, 2 қарашадан бастап локдаун режимі жарияланды. 1 қарашадағы мәлімет бойынша, Германияда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 14,2 мың адам анықталған, 29 адам қайтыс болған.

⠀ 🇨🇿 Чехия кейінгі жеті күнде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Соңғы жеті күнде 1174 адам қайтыс болды. Чехияда 5 қазаннан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді.

⠀ 🇪🇸 25 қазаннан бастап Испания билігі төтенше жағдай жариялады. Ел бойынша коменданттық сағат енгізіліп, аймақтар арасындағы шекаралар жабылды.

⠀ 🇸🇰 Словакияда да ТЖ жарияланды. Режим қарашаның ортасына дейін енгізілген. Барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған.

⠀ 🇫🇷 Франция президенті Эммануэль Макрон өзін-өзі оқшаулаудың жаңа режимін жариялады. 30 қазаннан 1 желтоқсанға дейін барлық ойын-сауық орындары жабық, бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Ал, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 465 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

ШҚО – 245;

СҚО – 35.

Республика бойынша барлығы 112 860 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 106 514.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 857-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 38 003 адам ауырып, 402 науқас көз жұмған (1 қарашада тіркелген науқас саны – 41, көз жұмғандар жоқ).

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 489 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 333 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 420 науқас жатыр. 2 069 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 150 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-11
Утром18.75 ℃
Днем24.08 ℃
Вечером28.68 ℃
Ночью21.83 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.9 м/с
2024-09-12
Утром18.03 ℃
Днем28.01 ℃
Вечером25.82 ℃
Ночью19.55 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра6.11 м/с