Оралда жас жігіт жоғалып кетті
Ол Орал қаласы, Қонаев көшесі, 65 үйден таңертеңгі 09.00-де шығып кетіп, әлі оралмаған.
18 жастағы Серік Мусиннің туыстары оның кенеттен жоғалып кетуіне алаңдаулы.
«Ол бүгін таңғы сағат 7.30-да үйден шығып кетті. Бір күн бұрын жабырқаулы күйде болды, ол үшін қатты алаңдап отырмыз. Кетерде ол өзімен бірге телефон, ақша және құжаттарын да алмаған. Қазір бүкіл отбасымызбен іздеп жатырмыз, полицияға жүгіндік, қатты алаңдаулымыз», – дейді жігіттің ағасы.
Серік Мусиннің белгілері: бойы 185 сантиметр, дене бітімі арық, қара шашты, аққұба келген, көзілдірік киеді.
БҚО полиция дептарментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековтің айтуынша, жас жігітті полиция жасақтары, жедел қызметтің сарбаздары мен еріктілер іздеп жатыр.
«Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы жертөлелер, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, орман және қала, оның төңірегіндегі басқа жерлерді қарап жатыр. Әзірге нәтиже жоқ, бірақ полиция жұмысын жалғастыруда», – дейді Болатбек Белгібеков.
Серік Мусиннің туыстары оны көргендер болса + 7 775 408 35 19 немесе 102, 32-18-04 телефонына хабарласуын сұрайды.