Іссапардан кім бас тарта алады?

Жұмыскерді іссапарға жіберудің шарты мен мерзімі еңбек не ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Ашық көздерден алынды.

Қызметкерін іссапарға жіберу – жұмыс берушінің құқығы, алайда оған барудан кей жұмыскерлер бас тарта алады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 127-бабына (4, 5 тармақтар) сәйкес, келесі қызметкерлер іссапарға барудан бас тарту құқығына ие:

18 жасқа толмаған жұмыскер;

жүкті әйел;

мүгедек жұмыскер;

3 жасқа дейінгі балалары бар жұмыскер:

мүгедек балаға не отбасының тұрақты күтімді қажет ететін науқас мүшесіне күтім жасайтын жұмыскер.

Бұл жұмыскерлер іссапардан бас тарту үшін сәйкес санатқа жататынын растайтын құжатты жұмыс берушіге өткізуі тиіс. Айталық, үш жасқа дейінгі баласы бар қызметкер – баланың туу туралы куәлігін ұсынуы қажет болса, отбасының мүмкіндігі шектеулі мүшесі немесе ерекше балаға күтім жасайтын қызметкер – оларға үнемі күтім жасау қажет екені туралы медициналық қорытындыны өткізеді.

Дегенмен, өз жазбаша келісімі болса және медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған болса, жоғарыда аталған жұмыскерлерді іссапарға жіберуге жол беріледі.

Қалған санаттағы қызметкерлер бойынша заңда ешқандай шектеу қойылмаған. Яғни, іссапарға бару – жұмысындағы міндет, жұмыс берушімен арадағы шарттың талаптарын орындау саналады. Жалпы, жұмыскерді іссапарға жіберудің шарты мен мерзімі еңбек не ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актісінде айқындалады. Бірақ, қандай жағдайда да Еңбек кодексінің талабына сәйкес, жұмыскердің жұмыс орны мен іссапарда болатын жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады. Сондай-ақ:

іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлем;

баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыны;

тұрғын үй-жайды жалға алу шығыны төленеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром2.62 ℃
Днем10.46 ℃
Вечером10.07 ℃
Ночью5.94 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.18 м/с
2026-04-22
Утром4.1 ℃
Днем9.4 ℃
Вечером10.71 ℃
Ночью8.05 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.36 м/с