Қазақстанда алғаш рет COVID-19 қайта жұқтыру оқиғасы тіркелді

Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова онлайн-брифинг барысында мәлімдеді. Ол науқастың екі рет стационарда емделгенін атап өтті.

«ОА» мұрағатынан.

Ол алғашқы ПТР тестін сәуір айында тапсырған. Ал екінші рет дерт жаз соңында расталған.

«Бұл өңірдегі алғашқы дерек. Келіншек пандемия басында, сәуір айында коронавирус жұқтырған. Тест екі рет теріс нәтиже көрсеткен соң оны ауруханадан шығарған. Ал екінші рет тамыз айында дертке шалдыққан»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

БҚО-да бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7064 жағдайы тіркелген, 121 адам қайтыс болды. «Қазір өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны 139-ға жетті. Олардың 92- сі стационарларда емделіп жатыр. 8 жағдай қазан айының ортасында мектеп оқушыларынан расталды. Инфекция тасымалдаушы отбасы мүшелері болған»,— деді Абдрахманова.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова

Белгілі болғандай, төрт жүкті әйел КВИ жұқтырған. Қазір екеуі ауруханада емделуде, екеуі үйде, бірақ медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Пневмонияға шалдыққан 139 науқастың 92-сі стационарда, 47-сі амбулаторлық ем алуда.

Облыста 185 төсектік төрт карантиндік стационарда 41 адам болса, 333 төсектік алты жұқпалы аурулар стационарында 103 адам емделуде. Төсекте емделуде 26, жансақтау бөлімінде 7 адам жатыр. Оттегі концентраторына 2 адам қосылған.

«2044 төсектік резервтік орындар әзірленсе, соның 1269-ы жұқпалы аурулар, 775-і карантиндік стационарда. Оған қоса «Жұлдыз» шағынауданында құны 7,2 млрд теңгені құрайтын, 200 төсектік модульдік аурухана құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 85 пайызы орындалған. Осы айдың аяғында пайдалануға беру көзделуде. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан ерекшелігі, онда компьютерлік томография болады. Диагностика да жүргізіледі. Қажетті құрал-жабдықтар орнатылып, кадрлар да іріктелуде», деді Г.Әбдірахманова.

Айта кетейік, 4 қарашаға қараған түні 369 жолаушысы бар 3 ұшақ елордаға ұшып келді. Олардың 34-інде коронавирустың теріс нәтижесі бар анықтама болмаған.

Ал Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 432 адам тіркелді. Жалпы ел бойынша COVID-19-бен ауырғандар саны 113 741. Сонымен қатар, өткен тәулікте 177 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром11.83 ℃
Днем25.82 ℃
Вечером25.56 ℃
Ночью20.93 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.46 м/с
2026-08-18
Утром17.51 ℃
Днем31.08 ℃
Вечером33.08 ℃
Ночью21.2 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.84 м/с