БҚО-да асфальтбетон және кірпіш өндіретін зауыттар салынады

Батыс Қазақстан облысында асфальтбетон және кірпіш өндіретін зауыттар салу көзделіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен инвестициялар тарту бойынша өткен кеңес отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Aqjaiyq» ӘКК« ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нәдір Құрымбаевтың айтуынша, өңірде барлығы 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда және жоспарлануда.

Алдағы жылы өңір үшін аса маңызды бірқатар жобалар қолға алынбақшы. Мысалы, қазіргі таңда Бөрлі ауданы Пепел ауылында асфальтбетон зауыты үшін жабдықтар таңдалуда. Шикізат жеткізу үшін теміржол тұйықтары құрылысы да қарастырылуда. Инвестиция құны – 1,4 млрд теңге. Жылына 135 мың тонна асфальтбетон өндіре алатын зауытты «АдалАрна Алматы» ЖШС 2021 жылдың соңына дейін іске қосуды көздеп отыр.

Сол секілді «West group» ЖШС Орал қаласы маңынан жылына 15 млн дана керамикалық кірпіш өндіретін зауыт құрылысын алдағы жылдың аяғына дейін салып бітірмекші. Жоба құны – 3 млрд теңге.

Ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылмақшы. «Белес-Агро» ЖШС 2021 жылы құны 3 млрд теңге тұратын көкөніс өнімдерін сақтайтын көтерме сауда-тарату орталығын іске қоспақшы.

«KazMeatlndustry» ЖШС Сырым ауданында аналық басы 5 мыңға жететін Романов тұқымдас қой өсірмекші. Инвестиция көлемі – 1,7 млрд теңге.

«Тасқала құс фабрикасы» ЖШС Тасқала ауданында 90 мың бас инкубаторымен бірге 20 мыңға дейін түрлі құс ұстайтын фабриканы (жоба құны – 750 млн теңге) жолға қоймақшы.

«World Green Company» ЖШС 4400 тонна қияр мен 3450 тонна томат өндіретін жылыжай кешенін салмақшы. Бұған 10,5 млрд теңге қаржы салынып, кешен іске қосылғанда, 160 адам жұмыспен қамтылмақшы.

Н.Құрымбаев сонымен қатар биыл жыл соңына дейін мәреге жететін жобалардың да бар екенін жеткізді. Ақсай қаласында «Green Spark Limited» ЖШС күн панелін шығара бастамақшы. Жылына 50 мың данаға дейін күн панелін өндіретін жобаға инвестор 840 млн теңгесін салып, 100 жұмыс орнын ашты.

Сондай-ақ облыста жуық арада екі көкөніс қоймасы іске қосылмақшы. Оның бірі Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Кирсанов елді мекенінде орын тепкен. «Baystone» ЖШС 1,1 млрд теңгеге салып жатқан қоймада 4 мың тонна өнімді сақтауға болады. Ал Рубежин ауылдық округінде «Рубежинский» кәсіпорны өнімді сақтап қана қоймай, оны өңдейтін қойманы ашпақшы.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев инвестициялар тартып, өңір үшін маңызы зор жобаларды уақтылы жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетіп, нақты тапсырмалар берді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-12
Утром13.99 ℃
Днем20.4 ℃
Вечером16.21 ℃
Ночью13.23 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.16 м/с
2026-09-13
Утром11.91 ℃
Днем20.51 ℃
Вечером19.66 ℃
Ночью17.58 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.37 м/с