БҚО-да садақа, той өткізу тыйылмай отыр

Батыс Қазақстан облысында қараша айының алғашқы бес күнінде отбасылық шараларды жасаған тұрғындарға 13 млн 84,580 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен облыстық жедел штаб отырысында айтылды.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, індеттің өршуіне адамдардың санитарлық талаптарды сақтамауы себеп болуда. Мониторингтік топтар жүргізіп жатқан түсінік жұмыстарына қарамастан, садақа, той өткізу тыйылмай отыр.

Оның сөзіне қарағанда, облыста 1-5 қараша аралығында 118 адамның індет жұқтырғаны тіркелді. Соның ішінде бүгін 49 адамнан анықталған. Қыркүйекте – 111, қазанда 161 адам ауырған болатын. Соңғы бес күнде 38 зейнеткер, 9 оқушы және 4 мұғалімнің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Індеттің өсе түсуіне байланысты облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері 9 қарашадан бастап 14 күнге қалаға кіреберіске қайтадан блокпостар қою, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын шектеу, қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметін тоқтату, қызметкерлердің 80 пайызына дейін қашықтан жұмыс істеуге жіберу және басқа қосымша шектеу шараларын енгізуді ұсынды.

М.Арыспаевтың бұл ұсынысы облыстық жедел штаб отырысында қаралып, тиісті шешім қабылданатын болады.

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны артып жатыр. Өткен тәулікте, 5 қарашада вирус 591 адамнан табылды , деп хабарлады COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

ШҚО – 250;

Павлодар облысы – 68.

БҚО — 49.

Республика бойынша барлығы 114 826 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 107 339.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 879-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 38 721 адам ауырып, 406 науқас көз жұмған (5 қарашада тіркелген науқас саны – 231, көз жұмғандардар жоқ).

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-11
Утром6.87 ℃
Днем8.41 ℃
Вечером7.97 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра8.23 м/с
2026-04-12
Утром6.83 ℃
Днем14.71 ℃
Вечером16.01 ℃
Ночью12.28 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.54 м/с