Орал белсендісі жалғыз адамдық пикет ұйымдастырды
Бүгін, 6 қараша күні, Абай аланы алдында белсенді Бекболат Өтебаев жалғыз адамдық пикет ұйымдастырды. Ол, қалалық ішкі саясат бөлімі митинг өткізуге рұқсат бермегеніне наразы.

— Мен, 2 қараша күні митинг өткізуге өтініш бердім. Қалалық әкімдік бас санитар дәрігердің қаулысына сүйеніп, далада үш адамнан асатын жиналыстар өткізуге болмайды, деп рұқсат бермеді. Өздері болса жиналыстарын ғимарат ішінде өткізіп жатыр. Неліктен оларға болады, ал қарапайым халыққа, аспан астында жиналыс өткізуге болмайды?!
Бекболат Өтебаев, 2 қараша күніне жоспарланған митингіде айтқысы келген талаптарын пикетте айтты. Белсенді азық-түлік бағасының өсуін тоқтатуды, коммуналдық қызмет бағасының өспеуін және де таңдауы жоқ сайлаудың кажеті жоқ екенін айтты.
— Азық-түлік және коммуналдық кызметтер бағасының өсуі тоқтасын, дәрі-дәрмек арзандасын. Тандау жоқ сайлаудың қажеті жоқ. Парламентте халық сайлаған депутаттар болғаның қалаймыз. Қазақстан халқы таңдауға құқылы. Біздің таңдау құқығымызды Назарбаев ұрлады. Бізді 30 жыл бойы алдап келеді, — деді өз наразылығын білдіріп Бекболат Өтебаев.
Бірер уақыттаң соң, қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әли Темірбаев келді. Ол белсендінің істеп жатқан әрекетін заңсыз деп айтты.

— Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 25 мамырдағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңының 10-шы тәртібіне байланысты, Сіз мемлекеттік атқарушы органға 5 жұмыс күн ішінде хабарлама беруіңіз қажет. Алайда, сізден ондай хабарлама болмағаннан кейін, сіздің қазіргі істеп жаткан әрекетіңіз заңсыз болып саналады, — деді Әли Темірбаев.
Айта кетейік, Орал белсенділері митинг өткізуге төртінші мәрте өтініш берген болатын. Бұл олардың осымен төртінші рет бейбіт жиналыс өткізуге өтініш беруі. Осы күнге дейін қалалық әкімдік әр түрлі себептерге байланысты митинг өткізуге рұқсат бермеген.
Серік Есенов
