Оралда Шаған өзенінде май тәріздес сұйықтық пайда болды
Шаған өзенінде май тәріздес сұйықтық пайда болды. БҚО бойынша экология департаменті оның не нәрсе екенін анықтау үшін судан сынама алды.

Әзірге сұйықтықтың пайда болу көзі және құрамында зиянды заттар бар-жоғы белгісіз.
– Кеше әлеуметтік желіде видео тараған болатын. Бүгін мамандар судан сынама алып, зертханаға жіберді. Нәтижесі 3-4 күннен кейін шығады. Сұйықтық қайдан пайда болғаны әзірге белгісіз. Біреулер төкті деп айта алмаймын, өйткені қалалық саябаққа көлік кіре алмайды. Мүмкін судың ағысымен келген шығар. Әзірге еш нәрсе айта алмаймын. Сынаманы зерттейміз содан кейін қорытынды шығады, – деді аты-жөнін айтудан бас тартқан БҚО экология департаментінің қызметкері.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағы басшысы Жасұлан Сәкенов сұйықтық ағыспен келуі мүмкін екенін айтады.
– Сұйықтық қайдан пайда болғаны белгісіз. Біреулер келіп төгіп кетті дейтіндей саябақ аумағына көлік кіре алмайды. Судын ағысымен келген шығар. Зертхана нәтижесі шыққан соң белгілі болады, – дейді ол.
Серік ЕСЕНОВ