Көліктің электронды төлқұжаты 2021 жылдың 1 сәуірінде қолданысқа енеді

Айтылған уақытқа дейін электронды құжат жүйесі ІІМ, ИИДМ мен басқа да құзырлы органдардың деректер базасымен және ЕЭО елдерінің жүйелерімен біріктіріледі.

Қазір «ҰАТ» АҚ көліктің электронды төлқұжатын рәсімдеу барысында темір тұлпарға қатысты оның иесі, техникалық тексерістен өткені, утилизациялық алым төленгені, жол-көлік оқиғасына қатысқаны туралы мәліметтер мен КҚТК, көлік құралының типін мақұлдау құжатындағы және кейбір мемлекеттік органдардың базасындағы деректер сақталатын ақпараттық жүйе әзірлеп жатыр.

Kolesa.kz тілшісіне ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлағандай, электронды құжаттың мынадай артықшылығы бар:

көлікке қатысты ресми ақпарат көздерінен алынған деректерге негізделген шынайы мәлімет;

заңсыз не күдік тудыратын машинаны сатып алу қаупінің төмендеуі;

электронды төлқұжатты жоғалтып алу мүмкін емес және қайта қалпына келтірудің қажеті жоқ;

көлікке иелік еткендер санына жүйелі мониторинг жасау мүмкіндігі;

автокөлікке қатысты қосымша мәлімет енгізу мүмкіндігі.

Ел аумағына кірген жаңа машиналарды бастапқы тіркеу барысында электронды төлқұжат рәсімдеу шарасы 2021 жылдың 1 сәуірінде басталуы тиіс. Одан бөлек көлік иесіне әдеттегі техникалық құжат беріледі. Электронды төлқұжат машинаны қайта тіркегенде де беріледі. Бұл қызмет ақылы болады, бірақ бағасы әзірше белгісіз.

Электронды құжатты енгізу мерзімінің алғаш рет өзгеріп тұрмағанын айта кеткен жөн. Бір жыл бұрын шенділер ол 2020 жылдың 1 қарашасында беріледі деп уәде берген еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-17
Утром18.34 ℃
Днем26.95 ℃
Вечером20.71 ℃
Ночью18.5 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.23 м/с
2026-06-18
Утром16.07 ℃
Днем24.2 ℃
Вечером25.36 ℃
Ночью19.81 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.78 м/с