«Алаңның атауы өзгерді. Оны Мақсат Айсаутовқа айтпадық» қалалық әкімдік митинг өткізуге рұқсат бермеу себебін түсіндірді

Орал қаласының жергілікті атқарушы органы әр түрлі себептерге байланысты митинг өткізуге рұқсат бермей отыр.

Олар «Хабарлама хат дұрыс толтырылмаған, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес рұқсат берелмейді, митинг өткізуге рұқсат етілмеген жер» деп түрлі сылтау айтуда. Құқық қорғаушы Павел Кочетков ішкі саясат бөлімі тарапынан бірнеше заң бұзушылық болғанын айтқан еді. Осыдан соң Белсенді Бауыржан Әліпқалиев «ішкі саясат бөлімі өз міндетін асыра пайдаланды» деп сотқа берді. Алайда біздің назарымызды аударған басқа мәселе. Митинг өткізуге рұқсат бермеулерінің басты себебі – митинг өткізуге арналған жердің дұрыс көрсетілмегені болып отыр.

Түсінікті болу үшін қысқаша айтып кетейік. Қала белсендісі Мақсат Айсаутов 11 қазан күні Оралда митинг өткізу үшін әкімдікке өтініш жібереді. Қалалық ішкі саясат бөлімі өтінішті қанағаттандырмады. Оның себебі – Мәншүк Мәметова алаңы митинг өткізуге рұқсат етілген жерлер тізімінде болмауы. Ол туралы қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы Ербол Кушеков айтты.

– Митинг өткізуге рұқсат бермеген себебіміз – митинг өткізуге рұқсат етілмеген жерді көрсеткен. Мәншүк Мәметова алаңы митинг өткізуге рұқсат етілген жерлер тізімінде жоқ. Ол алаңда митинг өткізуге болмайды, – деді Ербол Кушеков.

Аталған алаңда бұрын Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ғана ескерткіші тұрған болатын. 2017 жылы оның қасына қазақтың тағы бір батыр қызы Әлия Молдағұлова мен Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ескерткішін жайғастырды.

Қалалық мәслихат аппаратының басшысы Серік Давлетов бұл алаңның ресми атауы қазір басқа екенін айтады.

– Бұл алаңның атауы өзгерді. Бұрын Мәншүк Мәметова алаңы деп аталса, бүгінде алаңның ресми атауы «Қазақ халқының данқты қыздары алаңы» деп аталады, – дейді ол.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Кушековте алаңның ресми атауы солай екенін растап отыр.

– Алаңның жаңа атауы бар. «Қазақ халқының данқты қыздары» деп аталады, – деді.

Сондай-ақ ол Мақсат Айсаутов митинг өткізуге хабарлама бергенде алаңның атауын өзі дұрыс көрсетпеді деп отыр.

– Мақсат Айсаутов өз өтінішінде алаңның атауын дұрыс көрсетпеді. Алаңның атауы өзгерді. Оны Мақсат Айсаутовқа айтпадық. Себебі, егер айтсақ, ол түсінбей, мүлдем шатасатын еді. Ол өтініште Мәншүк Мәметова деп жазды, сол себепті бізде сол атауды көрсеткенді жөн деп шештік, – дейді Ербол Кушеков.

Серік ЕСЕНОВ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-10
Утром17.82 ℃
Днем25.34 ℃
Вечером27.26 ℃
Ночью24.26 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.44 м/с
2024-09-11
Утром19.17 ℃
Днем29.02 ℃
Вечером27.63 ℃
Ночью21.52 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.97 м/с