Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 42 адам қайтыс болған
2-8 қараша аралығында Қазақстанда коронавирустық инфекциядан қайтыс болған 42 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.
Өңірлер бойынша:
Нұр-сұлтан қаласы-1
Алматы қаласы – 12
Ақмола облысы – 1
Алматы облысы – 1
Атырау облысы-5
Шығыс Қазақстан облысы – 10
Батыс Қазақстан облысы-7
Қарағанды облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 1
Қазақстан Республикасы бойынша қайтыс болған 1899 жағдай тіркелген.
2-8 қараша аралығында Қазақстанда КОРОНАВИРУСТЫҚ инфекциядан 42 адам қайтыс болды, олардың жетеуі БҚО-да. Қауіпті инфекцияның құрбандары 46 және 59 жастағы ер адамдар, сондай-ақ 82, 85, 71 және 27 жастағы әйел адамдар болды.
ҚР коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше, өткен тәулікте елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 568 жаңа жағдайы анықталды, оның 24-і БҚО-да. Осылайша, елімізде 117 904 жағдай расталды, оның 7 324-і Батыс Қазақстан облысында.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
ШҚО – 237;
Қостанай облысы – 61.
Республика бойынша барлығы 117 904 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 108 387.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 911-ге жетті (10 қарашада тіркелгендер саны – 6).
1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 39 357 адам ауырып, 410 науқас көз жұмған (10 қарашада тіркелген науқас саны – 242, көз жұмғандардардар жоқ).
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 606 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.