Нұр-Сұлтанда марқұм Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті

Нұр-Сұлтанда марқұм қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлы Жанболат Ағаділ қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq.org порталы.

Ашық көздерден алынған сурет.

10 қарашада түнгі сағат 23.00 шамасында Нұр-Сұлтан маңындағы Көктал шағын ауданында азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шәуленова хабарлады.

Төбелестің неден шыққаны белгісіз. Ресми хабарламада «жастар арасында кикілжің болып, төбелеске ұласқаны» айтылған. Соның салдарынан екі адам жарақаттанған.

«Жарақаттанғандардың бірі 17 жастағы Ж.Ағаділ пышақталған, жедел жәрдем көлігі келгеннен кейін жарақаттан көз жұмған» делінген хабарламада.

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бап 2-бөлігі («Адам өлтіру») және 293-бап 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Азаттықтың жеке дереккөзі бойынша, оқиғаға байланысты бір адам ұсталған, екеуі іздеуде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-08
Утром21.28 ℃
Днем26.5 ℃
Вечером29.26 ℃
Ночью22.1 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра3.24 м/с
2025-07-09
Утром20.58 ℃
Днем29.71 ℃
Вечером31.07 ℃
Ночью24.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.06 м/с