БҚО-да 15 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адам бостандықта жүр
БҚО-да 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адам бостандықта қалады, ал оған қатысты тергеу жүріп жатыр. Ер адам қызды олардың бірге өмір сүруін дін мақұлдады деп сендірді. Бұл қызды ата-анасы іздей бастағаннан кейін белгілі болды.

Жоғалған қыз туралы ақпарат Бөрлі полиция бөлімінің Facebook-тегі ресми парақшасында пайда болды.
16.09 Бөрлі ауданының полиция бөліміне кәмелетке толмаған азаматша И.-ң із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз түсті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері оның Орал қаласында орналасқан жерін анықтады. Мән-жайларды анықтау барысында шариғат заңы бойынша азамат Ж-мен заңсыз некеге тұрған азамат И. анықталды. Сыртқы белгілері бойынша дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын. Айта кету керек, неке мешіттің ресми өкілдерінің, имамдардың және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қатысуынсыз жасалған.Жалған некемен жасырынып, азамат. Ж.кәмелетке толмаған 2005 ж. т. азаматша И-мен әдейі жыныстық қатынасқа түскен. Анықталған сәтте, азаматша И. қара түсті паранжаны киіп, бетін толығымен жауып, барлық отбасылық БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҮЗУГЕ тырысты.Көрсетілген әрекет азамат Ж. ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігі бойынша: Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер бойынша сараланады. Осы баптың санкциялары бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды көздейді» — делінген хабарламада.
16.09 в отдел полиции Бурлинского района поступило обращение о без вести пропаже несовершеннолетней гр.И. При проведении...
Опубликовано Бөрлі Ауданы Полиция Бөлімі Четверг, 5 ноября 2020 г.
БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков ер адамға 122-бап 1-бөлім бойынша айып тағылғанын растады, бірақ ол әлі күнге дейін қамауға алынбағанын атап өтті.
Бұл жағдайға БҚО-ның өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаев түсініктеме берді.
«15 жастағы қыздың ата-анасының рұқсатынсыз тұрмысқа шығып кетуі әрине дұрыс емес. Шариғат бойынша ата-анасы қызын қайтарып ала алады. Жат ағымның жетегінде кетіп, осындай оқиғалардың көбейіп кетуіне байланысты діни басқарманың неке қиюға қатысты қойған талаптары бар. Біз соған бағынамыз.Шариғатта неке қию үшін міндетті түрде ата-анасының рұқсаты, разылығы болуы керек. Мешіт қызметкерлері сонда ғана некесін қияды. Жат ағымның жетегінде жүргендерге мешіт қызметкерлері тек түсіндіру жұмыстарын ғана жүргізе алады. Қандай да бір шара қолданатын біздің қолымызда ешқандай құзырет жоқ. Жат ағымда жүргендерге мұндай нәрсенің мүлдем дұрыс емес екенін қанша жерден айтып жатсақ та, тыңдар құлақ табылмай тұр,»- дейді БҚО өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаев
Алексей Воробьев, Есенжол Елекенов
