Батыс Қазақстан облысы короновирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа ауыстырылды
Мұндай шешім covid-19 вирусымен сырқаттану облыста 3,2 есе өскеніне байланысты қабылданды,-деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов.

«Қызыл аймаққа» аптасына 100 мың адамға шаққанда 50-ден астам жағдай бар аймақтар кіреді.
Осылайша, облыста соңғы аптада үш жүзден астам коронавирус ауруы тіркелді.
Аймақты «қызыл» аймаққа ауыстыру облыстың бас санитарлық дәрігерінің облыс аумағында қатаң шектеу шараларын енгізуін талап етеді.
