БҚО-да шекарадан 25 мыңға жуық адам өтті

Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шектесетін «Тасқала», «Сырым», «Жәнібек» және «Ақсай» автоөткелдерінен 1 қазан мен 12 қараша аралығында 24 477 адам шекарадан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ОА» мұрағатынан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның ішінде тестіден өткені жөнінде анықтамасы жоқ 932 адам екі күндік карантинге жатқызылды.

Олардан сынама алынған кезде 22 адамнан коронавирус табылды.

Жалпы, өңірде ковид жұқтырғандар саны 7 352-ге жетсе, соның 6 922-сі жазылып шықты. 128 адам көз жұмды.

Пневмонияға шалдыққан 101 адам стационарда болса, 45-і амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Жыл басынан бері пневмониядан 223 адам қайтты. Күні бүгін жұқпалы аурулар стационарларында 124 адам емделуде. 24 адам карантиндік стационарда жатыр. 8 адам жансақтау бөлімінде.

Батыс Қазақстан облысында індетке қарсы күреске қажетті қосымша медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен барлығы 138 құрал-жабдық алынбақшы. Соның ішінде 15 өкпені жасанды желдету аппараты бірер күнде жеткізіледі. Осы айда 7 цифрлы рентген аппаратын алу үшін «Актюбрентген» АҚ-мен келісім жасалған. Бұған дейін екі оттегі стансасы облыстық және Орал қалалық көпбейінді ауруханаларға орнатылса, тағы біреуін осы айдың аяғында Бөрлі аудандық ауруханасына қою көзделуде. 52 перфузор осыған дейін әкелінсе, тағы 9-ы 15 қарашаға дейін жеткізіледі.

Аудандық ауруханалар үшін 9 жылжымалы медицина кешені сатып алынды.

Сондай-ақ Орал қаласында құны 7,2 млрд теңге тұратын модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатқаны белгілі. Оны осы айдың аяғында пайдалануға беру көзделуде.

Облыста қазіргі таңда 173 ӨЖЖ аппараты, 506 оттегі концентраторы, 10 компьютер томографы, 47 рентген аппараты, 775 оксиметр, 198 оттегі көзі, 172 Бобров аппараты бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-16
Утром12.97 ℃
Днем25.48 ℃
Вечером25.98 ℃
Ночью19.46 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра4.88 м/с
2025-06-17
Утром18.79 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером23.62 ℃
Ночью19.47 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра5.27 м/с