БҚО-да жолдар неге «қымбат»?
Батыс Қазақстан облысындағы әдеттегі проблемалардың бірі – жолдар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді. Жолдардың тек 34%-ы ғана жақсы. Антирейтингте екінші орында Ақтөбе облысы – 55%.
«Яғни, біз өңірлерден артта қалып отырмыз. Үкімет көмектеседі. Биылғы жылы да, келесі жылы да республикалық жолдарды көп салуды жоспарлап отырғанымызды көрсеттім. Бізде жолдар өте қымбат, өйткені бізде инертті материалдар жоқ. Биыл Бөкей ордасы ауданында қиыршық тас кен орнын іске қосамыз деп ойлаймын, осылайша, оңтүстік-батыс бөлікте жол құрылысының құны төмендетуі тиіс», – деді әкім.
Осының есебінен өңірде басқа да көлік артериялары салынады. Әзірге облыс жол салудың құнын арзандату бойынша жаңа технологиялар іздеуде.
БҚО әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып өткендей, егер 2019 жылы 368 шақырым жол жөнделген болса, биыл облыста жалпы сомасы 36,2 млрд теңгеге 436,5 шақырым жол жөнделген.
– Қазіргі уақытта біздің облысты Ресейдің ірі қаласымен байланыстыратын Самара – Шымкент автожолының, сондай-ақ Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы, Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайхын трассаларының жөндеу жұмыстары жүргізілуде. сонымен қатар Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы автотрассасын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда, – деді Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ, өңір басшысы Атырау-Орал автожолын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама дайындауға қаражат бөлінгенін, содан кейін трассаны кеңейту бойынша жөндеу жұмыстары басталатынын атап өтті.
– Батыс Қазақстан облысында бізді Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен байланыстыратын жолдар құрылысына көп көңіл бөлінуде. Осы республикалық жолдарды енгізу транзиттік әлеуетті ұлғайтудан басқа сыртқы экономикалық байланыстарды, оның ішінде тірі мал экспортын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Біздің облыс көршілес өңірлерге алты мың тоннадан астам ет, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Ресей және Армения сияқты шет елдерге екі мың тоннаға жуық экспорттайды. Қысқы уақытта қолайлы климаттық жағдайлардың арқасында Батыс Еуропа — Батыс Қытай, Ақтөбе – Орал – Сайхин – Жоғарғы Басқұншақ автомобиль маршруты Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына шығу үшін балама автомобиль маршруты болуға үлкен мүмкіндіктерге ие, – деп қосты Ғали Есқалиев.