БҚО тұрғыны 1,8 млн теңгеге өзен шаяндарын заңсыз аулаған

Қазталов ауданының № 2 аудандық соты балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз өндіру туралы қылмыстық істі қарады, деп хабарланды Батыс Қазақстан облыстық сотының сайтында.

«Казталов ауданы Ақпәтер ауылының тұрғыны 2020 жылғы 2-12 қазан аралығында Қараөзен өзенінен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулаған. Сотталушы жалпы салмағы 379,75 кг болатын 10 919 дана өзен шаянын заңсыз аулап, мемлекетке 1 898 902 теңге көлемінде материалдық залал келтірді. Шаяндарды ол 35 қапқа салып, танысының автокөлігіне салып, Жалпақтал ауылына қарай жол жүрген кезде полиция қызметкерлері ұстаған», – делінген Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, жасаған ісіне өкінген.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, материалдық және отбасылық жағдайын, жас балаларының бар-жоғын ескере отырып және ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты оған мүлкі тәркіленбестен, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, мемлекет кірісіне келтірілген материалдық залал сомасын өндіріп ала отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с