«Эйр Астана» ұшағы «Орал» әуежайынының мұздануына байланысты қона алмады
Ұшу-қону жолағының мұздануы «Орал» халықаралық әуежайына «Эйр Астана»әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан – Орал рейсінің ұшағына қонуға кедергі келтірді. Әуе кемесі Ақтөбеге мәжбүрлі түрде қонды.

Орал-Нұр-Сұлтан рейсіндегі жолаушылардың бірі айтып өткендей, олар әуежайға таңғы сағат 8 шамасында келген. Келгенде бұл рейс кейінге қалдырылады деп жариялаған.
«Бізге рейс күндізгі сағат 12-ге дейін, содан кейін 13-ке дейін кейінге қалдырылды деп айтылды. Түскі уақытта бізге авиакомпания есебінен ыстық түскі ас берілді. Ақтөбеден ұшақтың ұшуын күтеміз», – деді әйел.
Халықаралық әуежайда ауа-райының қолайсыздығына әуе кемесіне қонуға жол берілмегенін атап өтті.
Орал халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Рысқалиевтің айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан ұшу-қону жолағында түнде көктайғақ болған. Сондықтан Елордадан 100 жолаушымен ұшқан Air Astana компаниясының ұшағын Ақтөбеге жіберуге тура келді.
«Біз қажетті жұмысты жүргіздік, ұшу-қону жолағын ретке келтірдік. Кейін ұшақ Орал әуежайына қонды. Қазір әуежай қалыпты режимде жұмыс істеуде», – деді Х.Рысқалиев.
Жолаушылардың бірінің айтуынша, ұшақ Оралға таңғы сағат 08:45-те қонуы тиіс болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбеге ұшып, ұшақ Орал әуежайына шамамен сағат 14:08-де қонды.
Жақында әуежайда күтуге арналған вогондар орнатылғанын жазған болтынбыз. Адамдар күтіп отырғанда тоңбас үшін вагондар қойылды. Қазір жолаушыларға халықаралық терминал қызмет көрсетеді. Әуежайдың негізгі ғимараты бөлшектелген. Мұнда қайта құру жұмыстары жүргізіледі.