Келесі жылы Оралға су жеткізуде қиындықтар болмайды

Су – Батыс Қазақстан облысындағы басты проблемалардың бірі. Бұл туралы аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте модератордың сұрағына берген жауабында мәлімдеді. Облыс орталығын да, аудандарды да сумен жабдықтау, бірінші кезекте, Жайық өзенінің толу деңгейіне байланысты. Ал бұл Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары деңгейінде қаралатын мемлекетаралық мәселе.

«ОА» мұрағатынан

«Біз бұл мәселені экология министрлігімен тығыз байланыста зерттеудеміз. Бүгін де Қазақстан – Ресей форумы болуы тиіс еді, өкінішке орай, кейінге қалдырылды. Онда біздің өзенге қатысты экологиялық мәселелер де талқылануы тиіс еді. Экология министрлігі нақты іс-қимылдармен жол картасын дайындады, түрлі ұсыныстар мен сұрақтар көп. Сондықтан үздік сарапшыларды, ғалым-практиктерді тауып, Жайық өзенінің экожүйесін жақсарту бойынша бағдарлама әзірлеу қажет. Себебі біреуі жағалауды күшейту керек, екіншісі – бұлақтарды ашу керек, ал басқалары түбін тереңдету керек дейді, тағы бір пікір – жасанды кедергілерді алып тастау. Бірақ екі ел Жайық-Урал өзендерін құтқару бойынша бірыңғай Жол картасын қабылдап, екі мемлекет тарапынан қаржыландыру қажет. Сонда ғана нақты өзгерістер болады», – деді әкім.

Оның айтуынша, аймақта бірнеше жылдан бері су тапшылығы байқалады. Малшылардың қажеттіліктері үшін техникалық суды айтпағанда, ауыз су да жеткіліксіз. Сондықтан өңірде Жайық өзенінен жасанды каналдарға су айдау үшін сорғы станциясы салынады.

«Саратов облысынан су алатын басқа да аудандар бар. Бұл Сарыөзен мен Қараөзен. Кеше ғана вице-премьер Роман Скляр келіп-кетті, бізге қолдау көрсетуде, келесі жылы Үкіметтен Саратов облысында сатып алынатын су көлемін ұлғайтуды сұраймыз», – деді Есқалиев келер жылы облыс орталығында ылғал жетіспеушілігі мәселесі толық шешетінін атап өтіп.

«Облыс орталығы Орал қаласын сумен қамтамасыз ету мәселесі болды. Биыл карантин кезінде және екі апта бойы ауа температурасы 40°-тан асқанда, кәріз желілерінде ақаулар орын алды – барлығы бір сәтте, ең көп дегенде қала 70 мың текше метрге дейін су тұтынды. Бұл ретте біз жергілікті көздер есебінен 58 мың текшені ғана қамтамасыз ете алдық. Бұл жағдай келер жылы қайталанбас үшін жыл басында қолданыстағы жерасты ұңғымаларын қалпына келтіру және жаңаларын бұрғылау бойынша ЖСҚ дайындауды бастадық. Сондай-ақ, су таратқыштар тобын республикалық меншіктен коммуналдық меншікке ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келесі жылы қалаға су жеткізуде қиындықтар болмайды деп ойлаймын», – деп сендірді Батыс Қазақстан облысының басшысы.

Сонымен қатар, кәріз желілерін жөндеу жұмыстары жалғасуда және су үнемдеу мәселесі шешілуде.

Дереккөз: dknews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с