Орал тұрғындары санитар бекеттердегі ұзын-сонар кептеліске шағымданды

Оралда 14 қарашаның түнінен бастап санитар бекеттер жұмысын бастады. Олар БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қосымша шектеу шаралары енгізілгеннен кейін пайда болды.

«ОА» мұрағатынан.

Сенбі және жексенбі күндері Орал маңында 8 санпост қойылды

1. Самара-Шымкент тас жолы (бұрынғы полиция бекеті).

2. Боровые горки ауылы арқылы өтетін айналма жол (бұрынғы полиция бекеті).

3. Жәңгір хан және Айтқұлов көшелерінің қиылысы (Атырау бағыты).

4. Орал-Саратов тас жолы (Деркөл кентіне айналма жолмен қиылысу).

5. Деркөл кентінен Белес кентіне қарай шығатын Бекет

6. Самара-Шымкент тас жолы (Самара қаласына шығатын бекеттің жанында. полиция бекеті).

7. Орал – Бұзылық трассасы (ГТС-54 теміржол өткелінен кейін).

8. Орал-Желаев тас жолы (Желаев ауылына бұрылыс).

«Санитар бекеттер Самара-Шымкент тас жолында, Меловые горки ауылы арқылы өтетін айналма жолда, Орал-Атырау бағыты бойынша Жәңгір хан мен Айтқұлов көшелерінің қиылысында, Орал-Саратов тас жолында, Деркөл ауылынан шығар жолда, сондай-ақ Самара, Орал-Бұзулық және Орал-Желаевоға қарай Самара-Шымкент тас жолында орналасқан», – деп хабарлады Орал әкімдігінің өкілдері.

Сенбіде таңертең санитар бекеттерде үлкен кептеліс пайда болды. Адамдар әлеуметтік желілерде сол жерден видео жариялап жатыр.

«Жол шлагбауммен жабылған. Кезекте 45 минуттан артық тұруға тура келді. Жұмысқа кешігіп бардым, өз істеріме де үлгермедім», – дейді Сергей Новиков.

БҚО полиция департаментіндегілер Орал қаласына кіреберістегі барлық санбекетте кезек барын айтты.

«Полицейлер өз жұмысын атқарып жатыр. Арнайы рұқсатсыз облыс орталығына кіруге тыйым салынады. Санбекеттерде термометрия жүргізетін дәрігерлер де кезекшілік етеді. Бұған уақыт қажет», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салайық, қазіргі уақытта БҚО коронавирус инфекцияның таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді.

Өңірде бүгінгі күні 35 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, жалпы ауырғандар 7417 адамды құрады.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 704 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

ШҚО – 248;

Нұр-Сұлтан – 86.

Республика бойынша барлығы 119 833 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 109 275.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 931-ге жетті (13 қарашада тіркелгендер саны – 7).

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 39 923 адам ауырып, 416 науқас көз жұмған (13 қарашада тіркелген науқас саны – 199, көз жұмғандардар – 1).

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3 001 науқас жатыр. 5 626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 191 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с