Оралда салынып жатқан тұрғын үйдің сапасы тексерілді
Жарықтар, көгерген балкондар, тамша ағатын төбелер – осы және басқа да көптеген құрылыс шикіліктерін Оралдағы жаңа құрылыстардағы мониторингтік топ анықтады. «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері жергілікті тұрғындардың шағымдарына үн қосты. Олар жалға берілетін үйлерді, сондай-ақ ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделген тұрғын үйлерді тексерді, дейді «Хабар 24»тілшісі.

Бір жыл бұрын көп пәтерлі үйдің тұрғындары көптен күткен қоныс тойын тойлады. Алайда, олардың қуанышы құрылыс кемшіліктерін көргенде көп ұзамай су сепкендей басылды. Жылу есептегіштері әлі қосылмаған. Тұрғындар жылуды нақты тұтыну үшін емес, тұрғын үйдің көлеміне сәйкес төлейді.
– Шалалықтар өте көп. Балкондардан көруге болады: олар дұрыс жабылмағандықтан көгергенін көруге болады. Мен екі ай бойы жылытуды пайдаланбаймын, бірақ ол үшін төлеймін. Себебі есептегіштер жоқ. ТКШ бөліміне, әкімдікке осы мәселені жою үшін қоңырау шалдым, – деді Айсұлу Сағитова.
Мониторинг 25-тен астам нысанда жүргізілді. Жалға берілетін үйлер, сондай-ақ ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделген тұрғын үйлер тексеруден өтті.
– Көптеген проблемалық мәселелер, үйлердегі ақаулар анықталды. Үйлердің шатыры дұрыс жабылмаған. Қабырғалардағы жарықтар анықталды. Бесінші қабатта жаңбыр кезінде төбеден су ағып жатыр. Біздің ойымызша, жылыту жүйесі бұзылған, – деді БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының басшысы Біржан Хайруллин.
Мамандар 40 ескертуді қаланың құрылыс бөліміне жіберді. Мердігерлер анықталған бұзушылықтарды кепілдік мерзімінде жоюға тиіс.
– Бұл үйлерді «Болашақ» ЖШС және «Альтаир»ЖШС мердігерлік ұйымдары 19 жылы салып, аяқтады. Аталған кемшіліктерге қатысты мердігер ұйымдарға аталған ескертулерді жою туралы хат жолданды, – деп хабарлады құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Алмат Ашиков.
Салынып жатқан тұрғын үйдің сапасын бақылау жалғасуда.