Қазақстанда көліктерді тіркеу процедурасына өзгерту енгізілмек

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі үкіметттің онлайн отырысында Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті тіркеу процедурасына өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«ОА»  мұрағатынан

Бағдат Мусиннің хабарлауынша, оның ведомствосы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, танымал интернет платформаларына онлайн қызметтерді енгізуге шешім қабылдаған. Қазір бұл іске қосылып, жеке кәсіпкерлерді тіркеу қызметі кейбір банктердің қосымшалары арқылы жұмыс істейді.

Халық арасында ең танымал мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жоспарлануда.

Мусиннің айтуынша, жыл сайын 3 миллионнан астам адам мемлекеттік қызметті алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінеді.

«Үлкен кезек пайда болады. Автокөліктерді тіркеуге онлайн режимінде қол жетімді болғанына қарамастан, адамдар арнайы орталыққа келіп, уақыт жоғалтады. Жаңа процеске сәйкес, сатып алушы сатушының шотына ақша аударғаннан кейін автомобиль иесі бірден өзгереді», – деді министр.

Нәтижесінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтер ғана қалады, өйткені ол үшін емтихан тапсыру қажет.

Еске сала кетсек, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жыл соңына дейін төлқұжат пен жүргізуші куәлігі цифрлық форматқа ауыстырылатынын жеткізген еді.

Сондай-ақ мәжілісмендер жол қозғалысы жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізу жайлы құжатты қабылдады. Құжат азаматтарды жүргізуші куәлігін алып жүру міндетінен босату жөніндегі норманы қамтиды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-28
Утром2.49 ℃
Днем6.04 ℃
Вечером5.87 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра10.57 м/с
2025-04-29
Утром1.2 ℃
Днем9.81 ℃
Вечером11.69 ℃
Ночью7.31 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.25 м/с