Оралдағы жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар бала қаза тапты
Қайғылы оқиға бүгін таңертең, 17 қарашада болды. Жүргізуші (жол-көлік оқиғасының мән-жайы әлі хабарланбаған) Мәскеу көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жасар баланы қағып кетті. Бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды, бірақ алған жарақаттарынан қайтыс болды.

«Бүгін, 17 қарашада жол-көлік оқиғасы орын алып, 10 жасар бала қайтыс болды. Жүргізуші, азаматша С. 1998 ж. т., Мәскеу көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. 10 жастағы бала ауыр халде ГМБ-ға жатқызылды, ол өкінішке орай алған жарақаттарынан қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 — бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Ол сондай-ақ бала жолды жаяу жүргіншілер өткелінен өткенін атап өтті.
«Осыған байланысты ата-аналардан әр жолы балаларға жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіз жүріп-тұру туралы ескертуді, ал жүргізушілерді қырағылық танытуды сұраймын. БҚО полиция департаменті атынан ата-анасына көңіл айтамын», – деді Болатбек Белгібеков.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың ашық бас сүйек-ми жарақатымен ауыр халде ГМБ-дағы ең жақын стационарға жеткізілгенін хабарлады. Өкінішке орай, дәрігерлер баланы құтқара алмады.
Алексей Воробьев