«Алматы-2 – Орал» бағытындағы пойыз желтоқсан айында қайта жүреді
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы»компаниясы хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2-Орал» бағытындағы №51/52 жолаушылар пойызы қайта жүретінін хабарлады, деп хабарлайды Today.kz.тілшісі.
Құрам 2 желтоқсаннан бастап Алматы-2 станциясынан күн сайын (жұп сандар бойынша) жүретін болады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша алуға болады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды жол жүру құжаттарын онлайн ресімдеуге және коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырады.
