Орал қаласында кәсіпкер 143 млн-нан астам бюджет қаражатын жымқырған
Оралда мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 143 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған кәсіпорын директоры ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК 245-б.3-б. 2-Т. 4-б. 189-б. бойынша күдікпен облыстағы бір кәсіпорынының басшысын ұстады.
«Мемлекеттік сатып алудың қатысушысы бола отырып, ол «Нұрлы жер «мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына бөлінген 143 млн теңгеден астам сомаға бюджеттік ақша қаражатын жымқырды», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, күдікті 2017-2018 жылдар аралығында 1,5 млрд теңгеден астам салық төлеуден жалтарған.
Тергеу шаралары жалғасуда.
