2021-2023 жылғы бюджетте мұғалімдердің, дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын өсіру қарыстырылған
ҚазТАГ – 2021-2023 жылғы бюджетте мұғалімдердің, дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын өсіру қарыстырылған, деп хабарлады Қазақстан парламенті сенатының баспасөз қызметінен.

«Сенат «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарады. Алдағы үш жылдық бюджет стратегиялық бағдарламаларды және Президенттің биылғы Жолдауында көрсетілген маңызды әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды іске асыруға арналған. (…)
Дәрігерлердің жалақысы үш жыл бойы жыл сайын 30%-ға өсіп отырады.
Сонымен қатар медбикелерге де 2021 жылы 20%-ға өседі, ал 2022 және 2023 жылдары 10%-ға өседі» — делінген бейсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.
«Мектептерде де жыл сайын жалақы 25%-ға өсіп отырады.
Педагогтардың жалақысын өсіруге, үстемеақыларды қоса алғанда, 2021 жылы Т305 млрд астам бөлінеді, бұл 2020 жылға қарағанда жоғары. Жалпы білім және ғылым жүйесін дамытуға алдағы үш жылға республикалық бюджеттен Т5,1 трлн. қарастырылған. Келесі жылы бұл салаға Т1,3 трлн бөлінеді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда Т458 млрд артық», — делінген хабарда.
Хабарда нақтылағандай, үш жылда әлеуметтік сала шығындары Т23 трлн. құрайды, оның ішінде 2021 жылы — Т7 трлн немесе бюджет шығындарының жалпы көлемінің 50,4%-ы. 2023 жылы бұл көрсеткіш 61,6% болады.
