БҚО-да көпшілік іс-шара өткізгендерге 7 млн. теңгеден астам айыппұл салынды
Облыста қараша айының басынан бері мониторинг топ өкілдері 78 нысанның тәртіп бұзғанын анықтаған.

Оларға 425 баптың 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, жеті миллион теңгеден астам айыппұл салған.
– Көпшілікпен өткізілген – 49 іс-шара, бетперделік режимді сақтамаудың – 37 фактісі, сағат 23.00-ден кейін жеке көлікпен жүрудің – 25, жұмыс режимін бұзудың – 11 және қызметкерлер мен персоналға термометрия жүргізбеудің – 1 фактісі тіркелді», – деп мәлімдеді өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингіде БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Есенжол ЕЛЕКЕНОВ