БҚО-да жосықсыз жер пайдаланушылардан 114 мың гектар жер тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын 114 мың гектар жер жосықсыз жер пайдаланушылардан мемлекет пайдасына алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында жосықсыз фермерлерден ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алу бойынша жүйелі мақсатты жұмыс жүргізілуде. Тек соңғы екі жылдың ішінде осындай жерлердің 910 мың гектары анықталды.

Ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару көп уақытты қажет етеді. Ағымдағы жылы 114 мың гектар жер қайтарылды, оның 34 мың гектары басқа жер пайдаланушыларға қайтадан жалға берілді. Алынған егістіктер мен шабындық жерлерді одан әрі айналымға тарту үшін мемлекеттік байқаулар өткізіледі, оған өңірдің барлық фермерлері қатыса алады.

«Өткен жылы біз 43 байқау өткіздік. Биыл осындай 44 байқау ұйымдастырылды, оның аясында жалпы ауданы 477 мың гектар болатын 544 учаске берілді. Желтоқсан айының соңына дейін тағы 6 конкурс өткізіп, тағы 46 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін уақытша пайдалануға беру жоспарланған», – деді БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиев.

Пайдаланылмай жатқан жерлер облыстың барлық аудандарында анықталуда. Қазір олардың мониторингін тікелей сол жерге баратын мамандар жүргізеді. Жыл соңына дейін геопортал іске қосылады, оның көмегімен ғарыштық түсірілімдер жасалады.

«Осы суреттердің көмегімен біз бос тұрған жерлерді анықтай аламыз. Қазір портал тестілеуден өтіп жатыр, жыл соңына дейін оны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бірақ бәрі оның басқа ведомстволармен интеграциясына байланысты», – деп түсіндірді Мұрат Өмірәлиев.

Көбінесе жер пайдаланушылар ақша қаражатының болмауына байланысты өздері алған учаскелерді мақсатына сай пайдаланбайды. Сондықтан аймақта жосықсыз фермерлердің статистикасы жүргізілуде. Егер алқаптар мемлекетке сот арқылы қайтарылған жағдайда, келесі үш жылда осы шаруа қожалықтарының басшылары конкурстық рәсімдерге қатыса алмайды және тиісінше жерді жалға ала алмайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-18
Утром8.2 ℃
Днем18.81 ℃
Вечером19.99 ℃
Ночью13.7 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра5.88 м/с
2024-09-19
Утром8.64 ℃
Днем20.06 ℃
Вечером19.55 ℃
Ночью14.08 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.37 м/с