Алдында ғана қонақтары қашқан мейрамханада тағы да той болды
Оралда мониторингтік топ «Айбат»мейрамханасында бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салудың бұзылғанын анықтады. 22 қараша, жексенбі күні олар үйлену тойын өткізуге тырысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мониторинг тобының жетекшісі Аслан Жармұханов тексерушілер келген соң қонақтар мейрамханадан қайта қашып кете бастағанын атап өтті.
«Біз 100-ге жуық адамды санадық. 14 қарашада «Айбат» мейрамханасында да үйлену тойы өтті. Материалдар жасалып, шаралар қабылдау үшін қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды», – деді Аслан Жармұханов.
Санитарлық дәрігерлер «Айбат» мейрамханасы бойынша материалдар қаралуда екенін хабарлады.
«Қараша айының басынан бастап Оралда санитарлық нормаларды бұзу бойынша 96 материал жасалды. 7 миллион теңге айыппұл салынды. Адамдардың жаппай жиналғаны байқалған «ФСБ» барының директоры 319 мың теңгеге айыппұл салды», – деп атап өтті Орал қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Роза Хасенова.
Айта кетейік, қазір БҚО-да заңсыз іс-шараларды ұйымдастырушыларға ғана емес, мекеме қызметкерлері мен қонақтарға да әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.
Еске сала кетейік, «Айбат» мейрамханасында 14 қараша күні той өткізуге тырысқан болатын. Мониторинг тобының мүшелері пайда болғаннан кейін мереке қонақтары тарай бастады.

БҚО өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 42 адам тіркеліп, жалпы саны – 7772 адамға жетті.