БҚО тұрғындарына өткен аптада шектеу шараларын бұзғаны үшін 4 млн. теңге айыппұл салынды
Облыс тұрғындары шектеу шараларын бұзғаны үшін қазынаға қанша ақша бергені туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев айтып берді. Шектеулер енгізілген сәттен бастап барлық уақыт үшін айыппұлдар сомасы шамамен 27 млн. теңгені құрайды.

«Жалпы бізде облыс бойынша 158 мониторингтік топ бар. 17 тамыздан бастап барлық кезеңде 5575 рейд жүргізілді, 12 мыңнан астам нысан қамтылды, 548-де бұзушылықтар анықталды. Осы бұзушылықтардың ішінде 507 нысанға 26 млн. теңгеден астам сомаға әкімшілік хаттамалар жасалды (26 977 388 теңге — автор.ескерт.). Бұл негізінен жеке тұлғалар демалатын жерде, негізінен бұқаралық іс-шаралар бойынша. Жеке тұлғаларға 482, заңды тұлғаларға — 7, ЖК — 16 айыппұл салынды және лауазымды тұлғаларға 2 хаттама жасалды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда біз [мекемелердің] қызметін тоқтата тұру бойынша 6 материал жібердік, экономикалық сотқа жолдадық. Мәселе қаралып, жақын арада осы нысандар бойынша шешім қабылданатын болады», — деді Мұхамғали Арыспаев.
Кейін облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баяндамасы ұсынылды, онда қарашадан бастап мониторингтік топтар 790 рейд жүргізіп, 6729 нысанды қамтығаны айтылды. 91 объектіде бұзушылықтар анықталды, 425-бап бойынша 8 млн.теңгеден астам сомаға 145 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Мониторингтік топтар жаппай іс — шара өткізудің 59 жағдайы, маска режимін сақтамаудың 45 жағдайы, сағат 23:00-ден кейін жеке автокөлікпен жүрудің 29 жағдайы, жұмыс режимін бұзудың 11 жағдайы және дезтөсеніштің болмауы және қызметкерлер мен персоналдың температурасын тексерудің 1 жағдайы сияқты бұзушылықтарды анықтады.
16-23 қараша аралығында бұзушылықтары бар 36 нысан анықталып, олар бойынша 4 403 130 теңге сомасына 78 әкімшілік хаттама толтырылды.
Алексей Воробьев
