Оралда 30 коммуналдық дүкен ашылмақ. Осылайша әкімдік бағаның өсуін тежегісі келеді
БҚО билігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген бағамен жалға бергісі келетін коммуналдық дүкендердің көмегімен бағаның өсуін тежеуге ниетті.

Тұтынушыдан жақын қашықтықта коммуналдық дүкендер ашу идеясы туралы БҚО әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Ақжайық» ӘКК қаланың әртүрлі бөліктерінде «Ел Ырысы»коммуналдық базарының филиалдары болатын жеңіл салынатын жылжымалы дүкендер орнатуды қаржыландыруды бастады. Қазіргі уақытта қалада осындай 10 дүкен бар, онда ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін сатады. 2021 жылдың соңына дейін билік қаланың әртүрлі бөліктерінде тағы 20 осындай дүкен орнатуды жоспарлап отыр.
— Мұндай дүкендерді біз «Ақжайық» ӘКК арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жалға беретін боламыз, сонда олар өз өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен сата алады. Жалдау ақысы 35 мың теңгені құрайды. қазіргі уақытта 10 дүкенді біз одан да төмен жалдау бағасы бойынша жалға бердік — айына 17500 теңге. Әрине, ауылшаруашылық тауар өндірушілері тек өз өнімдерін ғана сата алмайды. Ассортиментте біз оларды шектемейміз. Өз өнімдерімізден басқа біз осы желілер арқылы тұрақтандыру қорынан өнімдерді белгіленген бағамен сататын боламыз, — деді Мұхтар Манкее