Оралдағы 7 млрд.теңге тұратын инфекциялық аурухана құрылысы аяқталып тұр. Алайда…

Құрылысы қыркүйек айында басталған модульдік типтегі 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы қараша айының басында пайдалануға берілуі тиіс болатын. Алайда қараша айының аяқталуына санаулы күндер қалса да аурухана әлі ашылмады.

Мұның себебін БҚО құрылыс басқармасы басшысы Әлібек Антазиев нақты түсіндірмеді, ол тек аурухананы желтоқсан айының бірінші жартысында тапсыру жоспарланып отырғанын айтты.

-Жұқпалы аурулар ауруханасы 100 пайызға аяқталды. Қазір медициналық құрал-жабдықтарды күтіп отырмыз. Сол келгесін аурухананы облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырамыз,- деді.

Модульді аурухана жылыту қазандығына қосылмаған. Ішкі жұмыстары да толық бітпеген. Мердігер мекеме «KAZPACO» ЖШС басшысының орынбасары Әлихан есімді азамат не себепті кешуілдетіп жатқандарын айтпады.

-Аурухананы суретке, видеоға түсірмеңіздер. Түсіру үшін әкімдіктен рұқсат алыңыздар. Тап қазір мен сізге ештеңе айта алмаймын. Тапсырыс беруші құрылыс басқармасы солардан сұраңыздар, – деді ол қысқа ғана.

БҚО құрылыс басқармасы басшысы Әлібек Антазиевтың осыған дейін берген мәліметінде республикалық бюджеттен бөлінген 7 млрд. теңгеге нысан құрылысынан бөлек медициналық құрал-жабдықтар алынады деген-тұғын. Оның сөзіне сенсек: Аурухана ғимараты жылдам құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульді блоктардан тұрғызылуда. Аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи диагностикалық және науқастарды емдеуге арналған құралдармен жабдықталады. Медициналық блокта әкімшілік, зертхана, КТ мен рентген аппараттары, бронхоскопиялық құрал-жабдықтар, УЗИ, электрокардиографтар болмақ.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Сурет Артем БУКРЕЕВТІКІ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

16 − 7 =

x
2023-05-30
Утром24.6 ℃
Днем29.89 ℃
Вечером27.12 ℃
Ночью26.65 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.66 м/с
2023-05-31
Утром22.95 ℃
Днем29.77 ℃
Вечером31.63 ℃
Ночью22.64 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра11.01 м/с