“Ресейдің битумы арзан, әрі сапалы”

Ресейден битум импортына тыйым салынғаннан бері Оралда жол салу жұмыстары баяулады. Соның салдарынан мердігер мекемелер жол құрылыс жұмыстарын келесі жылға қалдыруға мәжбүр.

Биыл Оралда бірнеше көшені күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Алайда Ақтаудан келетін битум тапшылығы орын алғаннан кейін біраз көше келесі жылға қалдырылды. Мәселен, Орақбаев көшесіне жауапты “Фирма Иском” ЖШС басшысы Рафик Мемедов жол жөндеу жұмыстарының тым баяу жүруі жаз айында битум тапшылығының салдарынан екенін баса айтып отыр.

– Тамыз, қыркүйек айларында битум болған жоқ. Қазан айында да битум тапшылығы орын алды. Біздің облысқа битум Ақтау қаласынан әкелінеді, бірақ осы екі ай бүкіл битум Түркістан облысына жіберілді деп естідім. Тек 15 қазаннан бастап битумның мәселе шешілді. Бірақ ол кезде ауа-райының салқыңдауына байланысты асфальт төсеуге мүмкіндік болмады. Сол себепті Орақбаев көшесіндегі жол құрылыс жұмыстары келесі жылға қалдырылды, – дейді Рафик Мамедов.

Ал Жақсығұлов көшесіне күрделі жөндеу жүргізген “РАЗАК” ЖШС басшысы Руслан Хамзинде битумның жоқтығы жұмысқа қолбайлау болып отыр дейді.

– Битум тапшылығы үлкен мәселе. Бұл – жұмыстың уақытылы бітпеуіне әкеліп соқты. Мердігер мекемелер Ресейге битумға тапсырыс бергілері келді, бірақ жол саларда қазақстандық сертификаттар талап етіледі. Сондықтан битум өндіретін отандық кәсіпорындарды күтуге тура келді. Барлығымыз битумды Ақтау өндірушісінен аламыз. Мәселенің нақты неден екенін білмедім. Битумның жоқтығы әсерін тигізді, – дейді Руслан Хамзин.

Қала тұрғыны Азамат Мұсалиев “Егер Қазақстан көршілес Ресейдің битумын пайдалануға рұқсат берсе, мердігер мекемелер алғысын айтар еді” деген пікірде.

– Мен бұрын жол төсеген адаммын. Егер менің таңдауым болса, мен Ресейдің битумын сатып алар едім. Өйткені, ол көрсеткіштері бойынша қазақстандық битумнан асып түседі. Бірақ біздің жоғарыда отырғандардың патриотизм сезімі оянып, «Отандық өнімді қолдау керек» дейді. Егер маған патриотизм мен сапа арасында таңдау берілсе, мен екіншісін таңдар едім. Көптеген мердігер мекемелер менімен келіседі. Өйткені Самара облысындағы битумның біріншіден сапасы жақсы, екіншіден арзан, – дейді Азамат Мұсалиев.

Айта кетейік, Оралда жол салуға 330 млн. теңге бөлінді, бірақ қазірдің өзінде кемшіліктер анықталдуда.

Серік Есенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с