БҚО-да 19 жастағы қыз жаңа туған сәбиін пакетке салып, әжетханаға тастаған
Батыс Қазақстан облысында жас қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға салып жіберген.

Оқиға 23 қараша күні Қазталов ауданы Жаңажол ауылында болды. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, осында тұратын 19 жастағы қыз босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. Босанғанда шақалақ тірі болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес шақалақ үсіп өлген. Ауруханада жатқан қызбен психологтар жұмыс істеуде.
Колледжде қашықтан оқып жатқан қыз толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады және іс бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
