БҚО-да карантин тәртібін бұзғандарға 10 млн астам теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында қараша айында мониторинг топтары 101 нысанда санитария талабының бұзылғанын анықтап, 10 млн астам теңге айыппұл салды.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, осы айда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 204 хаттама толтырылды.

Соның ішінде көп адамның қатысуымен 74 шараның өткендігі той-томалақтың тыйылмай отырғанын көрсетеді. Сондай-ақ бетперде кимеудің 59, сағат 23.00-ден кейін жеке көлікпен жүрудің 57, жұмыс режимін бұзудың 13, қызметкерлерге термометрия жүргізбеудің 1 дерегі белгілі болды.

Карантин тәртібін бұзғандарға 10 млн астам теңге айыппұл салынды.

1-26 қараша аралығында 888 адам коронавирус жұқтырса, соның 567-сі немесе 63,8 пайызы Орал қаласында анықталған. Сондай-ақ індет Бәйтерек ауданында (130), Бөрліде (63), Шыңғырлауда (31), Теректіде (30) көбейіп тұр.

Осы кезеңде өңірде мемлекеттік шекарадан 21 468 адам өтсе, анықтамасы болмаған 423 жолаушының жетеуінен індет табылды. Сол секілді халықаралық жүк тасымалымен айналысатын 7641 жүргізушінің ішінде 2 800-інде анықтама болмай шыққан. Бұлардан алынған тест 23 адамның коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Қараша айында барлығы 38 969 адам зертханалық тексеруден өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-16
Утром13.19 ℃
Днем20.19 ℃
Вечером19.77 ℃
Ночью15.08 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.84 м/с
2025-05-17
Утром12.22 ℃
Днем21.27 ℃
Вечером20.63 ℃
Ночью15.3 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра9.27 м/с