«Орал әкімі – монополистердің акционері»: белсенді азық-түлік бағасының өсуіне қарсы пикет ұйымдастырды

Абай алаңы алдында жалғыз адамдық пикет өтті. Ұйымдастырушы, монополия мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет коммуналдық қызмет, азық-түлік және дәрі-дәрмек бағасының өсуіне байланысты еш қаңдай іс-әрекет жасамай отырғаныңа наразы. Ол, бұл істе қала әкімінің тікелей қатысы бар деп ойлайды.

Бүгін, 27 қараша күні Абай алаңы алдында қала белсендісі Бекболат Өтебаев жалғыз адамдық пикет ұйымдастырды.

Ол, қалалық ішкі саясат бөлімі бейбіт жиналыс ұйымдастыруға рұқсат бермегені үшін наразы. Белсендінің айтуынша митинг өткізуге қала әкімі Абат Шыныбеков рұқсат бермей отыр, өткені митингте азық-түлік, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызмет бағасының өсуін тоқтату сыңды өзекті мәселелер қозғалады, ал қала әкімі болса, монополистердің акционері болу мүмкін дейді.

– Бұл менің бейбіт жиналыс өткізуге алтыншы мәрте өтініш жолдауым. Осымен алтыншы рет рұқсат бермей отыр. Тиым салудың басты себебін – «бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жиналыс өткізуге болмайды» деп түсіндіреді. Біз бейбіт жиналыста азық-түлік, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызмет бағасының өсуін тоқтату мәселелерің қозығағымыз келді. Бірақ қала әкімі Абат Шыныбеков рұқсат бермей отыр. Менің ойымша әкім монополистердің акционері немесе қорғаушысы болып келеді деп ойлаймын. Монополияға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттер қайда қарап отыр? Олар бағаның не себепті көтеріліп жатқаның неге тексермейді? Бұл олардың міндеттері, – дейді ол.

Бірер уақыттаң соң, қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әли Темірбаев келді. Ол белсендінің істеп жатқан әрекетін заңсыз деп айтты.

– Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 25 мамырдағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңының 10-шы тәртібіне байланысты, Сіз мемлекеттік атқарушы органға 5 жұмыс күн ішінде хабарлама беруіңіз қажет. Алайда, сізден ондай хабарлама болмағаннан кейін, сіздің қазіргі істеп жаткан әрекетіңіз заңсыз болып саналады, – деді Әли Темірбаев.

Бекболат Өтебаев ұйымдастырған жалғыз адамдық пикет жарты сағатқа дейін созылды. Полиция қызметкерлері белсендінің заңсыз әрекеті үшін ұстамады.

Серік ЕСЕНОВ

Сурет автордікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-08
Утром-12.54 ℃
Днем-6.83 ℃
Вечером-8.32 ℃
Ночью-10.48 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра3.73 м/с
2024-12-09
Утром-10.05 ℃
Днем-5.21 ℃
Вечером-6.25 ℃
Ночью-7.07 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.48 м/с