БҚО – на бір апталық аяз келеді
«Қазгидромет» АҚ синоптиктері облыс аумағында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін моңғол антициклонының әсерімен түсіндіреді.

Сейсенбіден бастап ауа температурасы күндіз -12 градусқа, түнде -19 градусқа дейін төмендейді. Сәрсенбіде аяз күшейеді, күндіз -17, түнде-25 градус күтіледі.
Бейсенбі және жұмада термометр күндіз — 20 градусқа, түнде – 25 – 26 градусқа дейін төмендейді.
Демалыс күндері де аязды болады.
Синоптиктердің айтуынша, аяз ұзаққа созылмайды. Келесі аптаның сейсенбісінен бастап ауа температурасы күндіз – 8, – 5 градусқа, түнде – 10 градусқа дейін көтеріле бастайды.
Солтүстік-шығыстан соққан жел әлсіз, 4-5 м / сек.
«Қазгидромет»АҚ синоптиктерінің болжамы бойынша қыс жылы болады деп күтілуде.