БҚО-да тағы 39 тұрғын коронавирус жұқтырған

Коронавирустық инфекция пандемиясы басталғаннан бері барлығы 8 077 адам ауырып, облыстың 7 243 тұрғыны сауығып кетті, 131 адам қайтыс болды.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша БҚО-да коронавирустан 3 адам сауығып, 39 адам ауырып қалды. Пациенттердің көпшілігінде қосымша жүретін аурулар бар. Көбінесе бұл жүрек-тамыр аурулары және қант диабеті. ӨЖЖ аппараттарына 5 пациент, оттегі концентраторы аппараттарына 9 пациент қосылған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманованың айтуынша, бүгінгі таңда облыстың медициналық ұйымдары 195 ИВЛ аппаратымен, 645 оттегі концентраторымен, 1063 пульсоксиметрмен, 198 оттегі көзімен, 425 Бобров аппаратымен жабдықталған.

-Сонымен қатар аудандық ауруханалар үшін ковидті пневмонияны диагностикалаудың 7 цифрлық рентген — аппараты сатып алынды: 5 — Бәйтерек аудандық ауруханасына және бір-бірден Қаратөбе және Шыңғырлау аудандық ауруханаларына. Қосымша 2018 резервтік төсек-орын дайындалды,оның ішінде 1243 инфекциялық және 775 карантиндік төсек. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 35 ӨЖЖ аппараты, жергілікті бюджеттен берілетін жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 15 ӨЖЖ аппараты сатып алынды және жеткізілді, — деді Гүлнар Абдрахманова.

Оның айтуынша, жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. Станцияға 37 реанимациялық автокөлік сатып алынды, қазір жедел жәрдем қызметіне 85 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Дәрігерлер бригадасы тәулігіне 650 — ге дейін шақыру алады, оның 150-і аудандарға барады.

Емханалар жанында әлі күнге дейін дәрігерлердің құзыретіндегі барлық мәселелер бойынша пациенттерге қашықтан кеңес беру үшін кесте бойынша сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ахуалдық орталықтар жұмыс істейді. Сондай-ақ «109» CALL-орталығы жұмыс істейді.

Қаланың әрбір емханасында пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді:

№1 емхана — 50-66-00

№2 емхана — 30-44-53

№3 емхана — 50-77-34

№4 емхана — 52-79-34

№5 емхана — 27-83-55

№6 емхана — 31-01-76

Қазақстан бойынша барлығы коронавирустың 132 348 жағдайы расталды, науқастардың жалпы санынан 116 863 адам сауығып кетті. 13 444 адам инфекциядан емделуді жалғастыруда, оның ішінде 912 бала. 232 адамның жағдайы ауыр, 30 адамның жағдайы өте ауыр.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с