БҚО-да жол апаты: зардап шеккендер саны 5-ге жетті
Батыс Қазақстан облысында жол апаты құрбандарының саны артты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының Казталов аудандық ауруханасында апат салдарынан ауыр жарақат алған 27 жастағы әйел көз жұмды. Осылайша, жол апатынан зардап шеккендердің саны бес адамға жетті.
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адамға операция жасалғанын хабарлады.
«Дәрігерлердің барлық күш – жігеріне қарамастан, 30 қараша күні кешке әйелдің жүрегі тоқтап қалды»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазір жолаушылардың біреуі ғана тірі қалды. Қолы сынған 17 жастағы жасөспірім облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қарашада Казталовка – Чапаево тас жолының 16 шақырымында «Волганың» 69 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, «Лада грантпен»соқтығысқан болатын. Оқиға орнында «Лада»көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. «Волга» жүргізушісі апаттан төрт сағат өткен соң қайтыс болды.