БҚО-ның 3 ауданында аэродром салынбақ

Батыс Қазақстан облысының үш ауданында аэродром салу көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, Бөкей ордасы, Жәнібек және Қазталов ауданы орталықтарында үш аэродром салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген.

Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Оның сөзіне қарағанда, шалғай аудан орталықтарында әуежай салынса, бұл сол аудандардың дамуына оң әсер етеді, ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, Орал мен аталған аудандар арасында үздіксіз әуе қатынасы орнайды.

Күні бүгін Оралдағы әуежай арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Франкфурт қалаларына ұшақтар қатынайды.

«Орал» ӘКК» ҰК» АҚ «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-мен бірлесіп, Орал қаласының әуежайын қайта жаңарту жобасын жүзеге асыруда. Бұл жұмыстар «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары аясында қаржыландырылуда. Бас мердігер – «КаzConstructiоnGroup» ЖШС.

Қайта жаңарту барысында терминал аумағы 4 мыңнан 7 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылмақшы. Тұрақтар ұйымдастырылып, аумақ маңы абаттандырылады. Сондай-ақ аэровокзал терминалының технологиялық құрал-жабдықтары 1,2 млрд теңгеге жаңартылып, халықаралық стандартқа, шекара және кедендік бақылау талаптарына сәйкестендіріледі. Қайта жаңарту құны шамамен 2 млрд теңгені құрайды.

«Қазіргі уақытта ғимарат толықтай бұзылды. Жобаға түзетулер енгізілді. Оның жобалаушысы – «Кульман» ЖШС. Ғимаратқа қайтадан техникалық тексерулер жүргізіліп, жер телімінің топографиялық түсірілімі жасалды. Ғимаратты жобалау келісіліп, эскиздік жоба да дайындалды. Ескі ғимараттың аумағы 3850 шаршы метр болса, қайта жаңғыртудан кейін 7 мыңға жетпекші. Әуежай жылына 267 мың жолаушыны қабылдай алатын болады. Қайта жаңарту жұмыстарын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр», деді Қ.Меңеев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-01-20
Утром-10.71 ℃
Днем-9.98 ℃
Вечером-9.85 ℃
Ночью-11.94 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.97 м/с
2022-01-21
Утром-13.87 ℃
Днем-7.62 ℃
Вечером-10.61 ℃
Ночью-9.4 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.57 м/с