2021 жылға арналған ең төменгі зейнетақы мен жалақының мөлшері анықталды

Заңда облыстық бюджеттерден алынатын қаражат мөлшері де көрсетілген.

Сурет : zakon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 2 желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап заңға сәйкес:

– ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;

– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге;

– ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге;

– 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге;

– базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төменгі мөлшері – 34 302 теңге.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 7 пайызға өседі.

Бюджеттің кірісі 11 276 999 610 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

– салықтық түсімдер – 6 635 629 335 мың теңге;

– салықтық емес түсімдер – 286 359 317 мың теңге;

– негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 585 654 мың теңге;

– трансферттер түсімдері – 4 351 425 304 мың теңге;

Шығындар 13 756 154 377 мың теңгені құрайды.

Таза бюджеттік несиелеу – 107 870,996 мың теңге, оның ішінде:

– бюджеттік несиелер – 276 469 394 мың теңге;

– бюджеттік несиелерді өтеу – 168 598 398 мың теңге.

Қаржы активтері бойынша жасалған операциялар сальдосы – 16 258 898 мың теңге, оның ішінде қаржы активтерін сатып алу – 16 258 898 мың теңге.

Бюджет тапшылығы 2 603 284 661 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,4 пайызы көлемінде жоспарланған.

Шикізаттық емес бюджеттің тапшылығы 6 963 843 861 мың теңгені немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 9,1 пайызын құрайды.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру 2 603 284 661 мың теңге сомасында жоспарланған.

Заң сонымен бірге облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке 451 425 304 мың теңге көлемінде қаражат аударуды көздейді, оның ішінде:

Атырау – 213 751 848 мың теңге;

Маңғыстау – 13 416 746 мың теңге;

Алматы қаласы – 190 108 501 мың теңге;

Нұр-Сұлтан қаласы – 34 148 209 мың теңге.

Заң 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с