«Ақжайық» футбол клубы банкрот деп танылуы мүмкін: БҚО әкімдігі жағдайды түсіндірді

Батыс Қазақстан облысында кәсіби спорт клубтарының бюджетін қысқарту көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның есебінен үнемделген қаражатты балалар және жасөспірімдер спортын, бұқаралық спортты дамытуға жұмсау қарастырылуда.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Қаржы жетіспеушілігі жағдайында кәсіби спорт клубтарын толықтай бюджет қаражаты есебінен ұстаудың маңыздылығы жоқ», деп атап көрсеткен болатын.

Облыста қазіргі таңда үш кәсіби спорт клубы бар: «Ақжайық» футбол клубы, «Ақжайық» допты хоккей клубы және волейбол командасы.

Қ.Есендияровтің сөзіне қарағанда, биыл «Ақжайық» футбол клубына 635 млн теңге бөлінді. Індетке байланысты бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты тек күзде ғана, екі ай мерзімде өтті. «Ақжайық» футбол клубы алдағы жылы Премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етеді. Бас бапкер де жаңадан тағайындалады.

«Ақжайық» футбол клубының қосымша құн салығына қатысты 200 млн теңге қарызы әлі жабылған жоқ. Оны бюджет есебінен жабу мүмкін емес. Заңды тұлға өз міндеттемелерін орындай алмаса, оны тарату немесе банкрот деп тану рәсімдері жүзеге асырылады. Қазіргі кезде басқарма бұл мәселені зерделеу үстінде. Әрине, «Ақжайық» футбол клубы жойылып кетпейді. Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес команданы конкурс арқылы қаржыландыру жүргізіледі. Бұл ретте, жастар және балалар футболына баса мән бермекшіміз», – деді Қаймен Есендияров.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с