Орал көпірінде 4 көлік соқтығысқан ірі жол апаты орын алды. 4 адам зардап шекті (БЕЙНЕ)
4 қарашада, Мұнай базасы ауданындағы Омега көпірінде ірі ЖКО болды. 4 автокөлік соқтығысқан ЖКО салдарынан 4 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Апат салдарынан көпірде кептелістер пайда болды.

Куәгерлер ЖКО орнында бірнеше көліктің соқтығысқанын жазып алған.
Абайлаңыз, бейнеде балағат сөздер бар.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жол апаты салдарынан ешкім қаза таппағанын, бірақ 3 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Апаттан зардап шеккен төртінші адам ауруханаға жатқызудан бас тартты.
БҚО полиция департаментінде жол апатына қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берілген жоқ.
Алексей Воробьев