Уақытында үлгерген жоқ. БҚО-да жаңа инфекциялық стационар ашылуға әлі дайын емес
Стационар бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды, бірақ оған оттегі қосалқы станциясы әлі қосылмаған, — деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова журналистермен өткен онлайн-брифингте.

– Мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарын жобаға сәйкес мерзімдерде орындады. Бірақ ғимаратты салудан басқа, мердігер стационарға медициналық жабдық қойып, оттегі қосалқы станциясын қосуға міндетті. Бүгінгі таңда қосалқы станция қосылмаған, бірақ бұл 10 желтоқсанда жүзеге асырылады, — деп түсіндірді Гүлнар Абдрахманова.
Ол стационарға медициналық қызметкерлер дайындалғанын хабарлады. Барлық дәрігерлер коронавирустық инфекция жағдайында жұмыс істеу бойынша арнайы оқудан өтті. Оқыту жергілікті медициналық колледж базасында өтті.
– Дәрігерлер коронавирусты емдеудің соңғы клиникалық хаттамаларына сәйкес оқытылды. Барлығына оқу туралы сертификат берілді. Барлық медициналық құрам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлерінің резервтік тізімінен алынды. Бұл жұқпалы аурулар стационарында жұмыс істеуге және КВИ бар науқастарды емдеуге ниет білдірген медицина қызметкерлерінің резерві, — деп хабарлады Гүлнар Абдрахманова.
Мария Драчева